RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ терроризммен күресті күшейтуге шақырды

11.09.2026, 07:03 39

Осыдан 25 жыл бұрын, дәл бүгінгідей 11 қыркүйекте Нью-Йоркте адамзат тарихындағы ең ірі лаңкестік оқиға болды. Бұл бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. 

«Әл-Қаида» террористік ұйымы АҚШ-тың ең маңызды нысандарына төрт рет шабуыл жасап, Дүниежүзілік сауда орталығы орналасқан әйгілі мұнаралар қирады. Пентагонның үкімет ғимаратына зақым келеді. 3 мыңға жуық адам нақақтан опат болды. Алты мыңнан астамы ауыр жараланды.

Биыл Біріккен Ұлттар ұйымының Жаһандық терроризмге қарсы стратегия қабылдағанына 20 жыл толады. Ұйым 11 қыркүйекте АҚШ-тағы теракт құрбандарын еске алып, әлем елдерін терроризммен күресті күшейтуге шақырды.

Фархан Хак, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары:

- 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған сұмдық лаңкестікті адамзаттың өз-өзіне жасаған шабуылы десе болды. Мыңдаған адамның өмірі қиылып, орны толмас қайғыға әкелді. Біз Америка Құрама Штаттарынан және қаза тапқан 90-нан астам елдің үш мыңға жуық азаматын еске алып, олардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамыз. Терроризмнен ада болашақ құруға ұмтылайық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz