RU
Толық нұсқаға өту

Конгода мектептегі өрттен 29 бала қаза тапты

11.09.2026, 10:00 43

Конго Демократиялық Республикасында екі мектеп өртеніп, 29 адам көз жұмды. Марқұмдардың арасында 19 қыз және 5 ұл бала бар. Қайғылы оқиға Букаву қаласында болды. Екі оқу орынында да өрт таңертең шығып, жақын маңдағы тұрғын үйлерге тараған.

Оқушылар жалынды байқай сала сыртқа шығуға ұмтылып, дүрбелең басталған. Бірін-бірі итеріп, құлап, тапталып, жарақат алғандар көп. Шарпыған жалын 300-ге жуық ағаш үйді күлге айналдырды. Өрттің нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Жергілікті билік қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz