Ресейдің Қабарда-Балқария Республикасындағы Безенги шатқалында қар көшкіні астында қалған тағы бір альпинистің денесі табылды. Осылайша қаза тапқандар саны 15 адамға жетті, деп хабарлайды 24KZ Oxu.Az-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазір тағы екі альпинистің тағдыры белгісіз. 10 қыркүйекте табылған адамның денесі тікұшақпен Нальчик қаласына жеткізіліп, құқық қорғау органдарына тапсырылды.
Іздеу-құтқару жұмыстары Қазақстан уақытымен сағат 21:00-ге дейін жүргізілді. Алайда ауа райының қолайсыздығына және қар-мұз массасының қайта құлау қаупіне байланысты жұмыстар уақытша тоқтатылды. Құтқарушылар жоғалған екі альпинисті іздеуді 11 қыркүйекте жалғастырады.
Альпинистер тобы 6 қыркүйекте Мижирги тауының баурайында қар көшкініне тап болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, топ құрамында 33 адам болған. Оның 10-ы өздігінен қауіпсіз жерге шықса, алтауы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Тегтер #альпинист #ҚабардаБалқар #қар көшкіні #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz