RU
Толық нұсқаға өту
фото: BILD

Швейцарияда туристік автобус аударылып, бес адам қаза тапты

11.09.2026, 16:19 36

Швейцарияның шығысында туристік автобустың аударылуы салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 40 адам зардап шекті, деп хабарлайды 24KZ Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Жол апаты 10 қыркүйек күні кешке Граубюнден кантонында болған. Нидерландтан келген туристер мінген автобус Цернецтен Суш ауылына қарай бағыт алған. Жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде автобус жол қоршауына соғылып, жолдан шығып кетіп, аударылған.

Апатқа басқа көліктер қатыспаған. Автобуста барлығы 45 ересек адам болған.

Зардап шеккендердің үшеуі ауыр жарақат алған, жетеуінің жарақаты орташа деңгейде. Тағы 30 адам жеңіл жарақат алған.

Зардап шеккендерді ауруханаларға жеті тікұшақ пен 13 жедел жәрдем бригадасы жеткізді. Құтқару жұмыстары түнге дейін жалғасқан.

Швейцарияның SRF телерадиокомпаниясының хабарлауынша, 11 қыркүйекте таңертең автобус көтеріліп, кейін жолды тазарту жұмыстары аяқталған.

Нидерландтық туроператорлар қауымдастығының (ANVR) басшысы Франк Радстаке автобустың жолда жатқан тасты айналып өтпек болған болуы мүмкін екенін айтты. Алайда полиция бұл болжамды әзірге растаған жоқ.

Жол апатының нақты себептерін полиция мен прокуратура анықтап жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz