RU
Толық нұсқаға өту

Ирак Сауд Арабиясындағы ірі мұнай құбырын атқылады

12.09.2026, 18:20 61

Әуе соққысы Эр-Рияд пен Мәдинадағы «Шығыс-Батыс» құбырына тиген. Бұл туралы Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Шабуыл салдарынан зардап шеккендер бар. Қазір мұнай құбырының жұмысы уақытша тоқтап тұр. «Шығыс-Батыс» құбыры арқылы әлемдік қара алтынның 5 пайызы тасымалданады. Тергеу мәліметіне сәйкес ұшқышсыз ұшу аппараты Ирактың Мейсән провинциясынан ұшырылған. Әзірге шабуылды ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Ал аймақтағы әскери қолбасшылықтың басшысы қызметінен шеттетілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz