Әлемдік мұнай бағасы бүгін 3 пайызға қымбаттады. «Рейтер» агентігінің хабарлауынша, «Брент» маркалы «қара алтын» фьючерстері 2,90 долларға өсіп, баррелі 107,51 долларға сатылып жатыр. Ал америкалық «Даблю-ти-ай» фьючерстері 2,27 долларға көтеріліп, баррелі 102,32 долларға жетті.
Өсімге Хуситтердің Сауд Арабиясының энергетика нысандарына жасаған шабуылы себеп. Рияд Ормуз бұғазын айналып өту үшін пайдаланып келген «Шығыс-Батыс» ірі мұнай құбырын тоқтатты.
Сонымен қатар Иран Парсы шығанағында кемесіне соққы жасалғанын мәлімдеген. Бұл жағдай мұнай саласының инвесторларын алаңдата бастады.
Тегтер #мұнай #баға #брент #қара алтын #доллар #құбырPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz