RU
Толық нұсқаға өту

Канада Еуроодақпен бірігуді жоспарлап отыр

14.09.2026, 15:20 48

Канада Еуропалық одақпен біріккен альянс құру мақсатында келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр. Ынтымақтастық ортақ құндылықтар мен басымдықтарға негізделмек.

Бірақ Оттава «кәрі құрлық» елдерінің одағына қосылады деген әңгіме жоқ. Бұл туралы Канада премьер-министрі  мәлімдеді. The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, тараптар энергетика, жасанды интеллект және қорғаныс салалары бойынша сауда байланысын күшейткісі келеді. Сонымен қатар қызмет көрсету және жұмыс күші бағытына да көп көңіл бөлінеді. Ынтымақтастықтың жаңа форматы ретінде қазір Канаданың қауымдастырылған мүшелігі туралы ұсыныс қарастырылып жатыр. Еуроодақта мұндай бірігу тетігі мүлде болмаған. Брюссель мұндай серіктестікке дайын екенін жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz