Ресейдің Иркутск облысында орманға саңырауқұлақ теруге барған зейнеткерге аю шабуыл жасап, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ.
Ер адам мотоциклмен орманға кеткеннен кейін одан хабар болмаған. Туыстары мен аңшылар оны іздеп, орман жолынан мотоциклін тапқан. Оның жанында аю жүрген, ал жақын маңнан зейнеткердің денесі табылды.
Ресей Ішкі істер министрлігінің Иркутск облысындағы бас басқармасы хабарлағандай, жыртқыш сол жерде атылған.
Бұл – демалыс күндері аймақта болған аю шабуылының екінші жағдайы. Бір күн бұрын Нижнеудинск ауданында аю ферма жұмысшысына тап берген. Ер адам жыртқышты мал қорасынан алыстатпақ болған. Соның салдарынан аяғы мен иығынан жарақат алған.
Ресейде аюдың адамға шабуыл жасау жағдайлары жиілеп барады. Жақында Петропавл-Камчатский қаласында да аю байқалған. Жыртқыш Победа даңғылы маңындағы тұрғындар тұратын ауданға кіріп кеткен.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #аю #Ресей #шабуыл #мерт болдыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz