Тегеран уран байытудан бас тартса, Құрама Штаттар Иранды ядролық отынмен қамтамасыз етуі мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың Энергетика министрі Крис Райт Bloomberg басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
Вашингтон Тегеранның ядролық бағдарламасына түбегейлі қарсы. Крис Райттың айтуынша, АҚШ пен Ислам Республикасы уран өндіру және әріптестік жөніндегі ұзақ мерзімді келісімдер жасасуға жақын. Алайда бұл жөнінде ашып айтпады. Ал бұған дейін Дональд Трамп Пикакс тауында орналасқан Иранның ядролық нысанында жаңа белсенді әрекеттер байқалғаны туралы мәлімдеген еді. Кейін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің басшысы Рафаэль Гросси мұны растады.
Тегтер #24KZ #АҚШ Иран қақтығысы #ядролық отын #Тегеран #Ислам республикасы #Дональд Трамп #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz