RU
Толық нұсқаға өту

Қытай қазақ астығын жоғары бағалайды

16.09.2026, 09:25 39

Қытай Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдері импортын барынша арттырып жатыр. Басты себеп сапа. Биылдың өзінде жалпы құны 1,1 млрд АҚШ доллары көлемінде тауар сатып алды.

Көрші елде әсіресе қазақтың астығына құмбыл. 

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Қытайда Қазақстаннан импортталатын астық жоғары бағаланады. Өнімнің сапасы, табиғи таза құрамы сұранысты жылдан жылға арттырып отыр.  Екі ел арасында жасалған ынтымақтастықтың арқасында биыл сатылған ауыл шаруашылығы өнімдері екі есеге өсті. 

Жалпы өткен маусымда Қазақстан 15 млн тоннадан астам астық пен ұн экспорттап рекорд тіркелді. Бір ғана Қытайға экспортталған агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің көлемі 1,4 млрд АҚШ доллаға жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда алты жарым есе көп. Жуырда көрші елмен астық сауда-саттығын арттыру бағытында онлайн платформа іске қосылды. Енді қытайлық тұтынушылар Қазақстаннан алатын өнім түрлерін осы алаңда таңдап импорттай алады. Майлы және дәнді дақылдарға тапсырыс алдын ала жасап жатқан кәсіпорындар бар. Қазірдің өзінде 2027 жылдың өнімінен 2 мың тонна соя мен мың тонна рапс сатып алу туралы келісім жасалған. Қытай соя өндірісін дамытып ірі көлемде сатып алуға мүдделі. Осы бағытта бірлескен жобаларды  жүзеге асыруға дайын. Бұл туралы Қытайдың азық-түлік және материалдық резервтер жөніндегі мемлекеттік басқармасы ресми мәлімдеді. 

Чэнь Цзюньшэн, Қытайдың Азық-түлік және стратегиялық резервтер жөніндегі мемлекеттік басқарма басшысының орынбасары:

- Екі жақты бірлескен жұмыстың нәтижесі Қытай-Қазақстан астық сауда-саттығын жаңа деңгейге шығарды. Біз өз тарапымыздан қытайлық кәсіпорындарды дәнді және майлы дақылдарды тұрақты түрде сатып алуға ынталандыруды жалғастырамыз.  Қытай басым бағыттардың бірі ретінде соя өндірісін дамытуға дайын. Жаңа сорттар мен технологияларды кеңінен пайдаланып өнімділікті арттыруға болады. Бұл бағытта екі елдің де артықшылықтарын өзара толықтырып тиімді нәтижеге қол жеткізген дұрыс.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Қазақстан әлемдік азық-түлік нарығындағы орнын жүйелі түрде нығайтып келеді. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдері бүгінде 70-тен астам мемлекетке экспортталады. Қытай солардың ішінде стратегиялық серіктес ел. Қазір астықтың тұрақты тасымал бағыттарын дамытып, екі ел кәсіпорындарының тікелей байланысын кеңейту маңызды міндет болып тұр. 

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz