15 қыркүйектен бастап Қытайда елге кіру және елден шығуға қатысты жаңа ережелер күшіне енді, деп хабарлайды 24KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап
Жаңа регламент азаматтардың заңды құқықтарын қорғауға, сондай-ақ Қытайдың егемендігі, қауіпсіздігі мен даму мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған.
Құжатқа сәйкес, Қытай билігі азаматтарға жекелеген елдерге баруға байланысты қауіп-қатерлер туралы ескерту жариялай алады. Шетелде құқық бұзған немесе экспорттық бақылау талаптарын бұзған Қытай азаматтарына алты айдан үш жылға дейін елден шығуға тыйым салынуы мүмкін.
Ал виза рәсімдеу кезінде немесе шекарадан өткенде жалған ақпарат берген шетелдіктерге Қытайға бір жылдан бес жылға дейін кіруге тыйым салынуы ықтимал.
Сонымен қатар, елге кіру және шығу кезінде делдалдық қызмет көрсететін тұлғалар міндетті түрде тіркелуі тиіс. Заңсыз қызмет үшін 750-ден 7500 долларға дейін айыппұл қарастырылған.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Қытай #визаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz