RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ пен Германия қару-жарақ алмасуға ниетті

16.09.2026, 09:45 46

АҚШ пен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Екі ел қару-жарақ өндірушілері арасындағы байланысты күшейтуді жоспарлап отыр.

Германия Қорғаныс министрі Борис Писториус Германияның АҚШ-тан Tomahawk қанатты зымырандарын сатып алғысы келетінін және екі елдің Еуропадағы қауіпсіздік мәселесінде ұстанымы ортақ екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Америкадан қару сатып алу Германияның АҚШ-қа тәуелділігін білдірмейтінін, керісінше одақтастар арасындағы қорғаныс мүмкіндіктерін теңестіруге көмектесетінін алға тартты. Ал Пентагон тақауда Иранмен қақтығыс салдарынан оқ-дәрі тапшылығы туындағанын мойындаған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz