Нидерландта әрбір төртінші депутаттық сауал жасанды интеллектінің көмегімен әзірленген. Бұл туралы NOS телекомпаниясы хабарлады. Корпорация парламент мүшелері жолдаған 28 мыңға жуық сауалға арнайы талдау жүргізген.
Сөйтіп мәтіндердің 26 пайызында нейрожеліге тән белгі анықталды. Халық қалаулылары чат-боттарды, әсіресе, жазғы демалыс қарсаңында жиі пайдаланыпты. Жекелеген сөйлемдер құрып қана қоймаған, тұтас сұрақтар тізбегін дайындаған. Сарапшылар бұны қауіпті деп отыр. Өйткені елдің саяси жүйесіне қатысты деректер жасанды интеллектіні әзірлейтін америкалық компанияның алгоритмдеріне өтуі мүмкін.
Тегтер #24KZ #Нидерланд #депутаттық сауал #жасанды интеллект #чат ботPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz