Өзбекстанда мерзімді әскери қызметке шақырылатындар мен келісімшарт бойынша әскери қызметке барғысы келетін азаматтар есірткі қолданған-қолданбағаны бойынша тексеруден өтеді, деп хабарлайды 24KZ.
Медициналық тексеру есірткі заттарын қолдану фактілерін ерте анықтау мақсатында Республикалық сот-медициналық сараптама ғылыми-практикалық орталығы мен оның аумақтық филиалдарында жүргізіледі.
Тиісті тәртіпті Өзбекстан Әділет министрлігі тіркеді.
Медициналық тексеру екі кезеңнен тұрады. Алдымен экспресс-тест жүргізіледі. Егер оның нәтижесі оң болса, сынама қосымша зертханалық тексеруге жіберіледі.
Есірткіге жүргізілген тест нәтижесі оң болған азаматтар, сондай-ақ сынама беруден бас тартқандар әскери-дәрігерлік куәландырудан өтуге жіберілмейді.
Тексеру барысында алынған азаматтардың жеке деректері, биологиялық үлгілері мен зерттеу нәтижелерінің құпиялылығы қамтамасыз етіледі.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Өзбекстан #әскерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz