RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-тың қор нарығы құлдырады

17.09.2026, 08:30 46

Dow Jones өндірістік индексі 1,21, S&P 500  0,45, Nasdaq электронды биржасы 0,01 пайызға төмендеген. Соның ішінде энергетика және қаржы секторлары 2,97 және 1,63%-ға кеміп, көш соңында қалды.

Бұған Федералды резерв жүйесінің кейінгі 3 жылда алғаш рет пайыздық мөлшерлемені алғаш рет көтеруі себеп болған. Ал технология және денсаулық сақтау секторлары керісінше 0,1 және 0,04 пайызға өсіп, нарықта алға шықты.

Айта кетейік, АҚШ Федералды резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемені көтеруі доллардың нығаюына, мұнай бағасының төмендеуіне және несиелердің қымбаттауына әкелуге тиіс еді. Мұның жаһандық экономика мен теңге бағамына да әсері бар. Жалпы мұндай бастамалар бағаны тежейді, дегенмен көбіне қаржы нарығына қауіп төндіріп, экономиканы баяулатады.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz