Пәкістан билігі жанармай нарығына субсидия енгізді. Мемлекеттік қаржылай көмек мотоцикл, рикша және шағын көлік иелеріне арналған. Ұлттық бағдарлама аясында екі және үш дөңгелекті көлік тізгіндейтіндерге бензиннің әр литріне 100 пәкістан рупийі көлемінде жеңілдік беріледі.
Ал жеңіл көлік жүргізушілері айына 30 литр жанармайды субсидияланған бағамен сатып ала алады. Бұл шара әлемдік нарықта мұнай бағасының өсуіне байланысты енгізіліп отыр.
Айта кетейік, Пәкістанда бензин мен дизель бағасы 400 рупиге жуық, теңгеге шаққанда 600 теңгедей болады.
Тегтер #жанармай #субсидия #нарық #мотоцикл #көлік #баға #ПәкістанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz