RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Канада тауарларын сатып алуды шектеді

17.09.2026, 10:20 58

АҚШ пен Канада арасындағы экономикалық текетірес күшейіп барады. Ресми Вашингтон мемлекеттік сатып алулар жүйесінен Канадада өндірілген тауарларды алып тастады. Құжатқа Ақ үй басшысы Дональд Трамп қол қойды.

Бұған дейін, тамыз айында АҚШ Канададан импортталатын бірқатар тауарға қосымша 50 пайыздық Баж салығын енгізген еді. Оның ішінде ірімшік, болат, алюминий, қағаз және жиһаз бар. Кейін ресми Оттава да америкалық өнімдерге осындай көлемде тариф енгізіп, тұрмыстық техника, электроника, металл және киім-кешекке салық салды. Трамп енді бұлай кете берсе, яғни Канада мен ЕуроОдақ «біріккен альянс» құрса, Кәрі Құрлық елдерімен де сауда қатынасын үзетінін мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz