RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Ватикан тарихта алғаш рет «Оскар» сыйлығына фильм ұсынбақ

17.09.2026, 12:36 62

Италия астанасы Римде орналасқан Ватикан мемлекеті тарихта алғаш рет «Оскар» сыйлығына фильм ұсынбақ. «Жасыл лава» атты қысқаметражды деректі фильм үздік қысқаметражды деректі фильм номинациясына ұсынылуы мүмкін, деп хабарлайды 24KZ Variety-ге сілтеме жасап.

Ватиканның қолдауымен түсірілген фильм осы аптада Лос-Анджелесте көрсетіледі. Бұл — картинаны «Оскарға» ұсыну алдындағы дайындық шараларының бірі.

Фильм бұлшықет дистрофиясының Дюшенн түріне шалдыққан италиялық жас Джакомо Маттивидің өмірі туралы баяндайды.

Авторлар туындыда Джакомоның ауруына байланысты шектеулерге қарамастан, қиындықтарды еңсеруге тырысатынын және айналасындағы адамдар мен табиғаттан күш табатынын көрсеткен.

39 минуттық фильмнің оқиғасы Доломит Альпісінің көркем табиғаты аясында өрбиді. Картина тәуелсіздік, адам рухы және қиындықты бірге еңсерудегі қоғамның рөліне арналған.

Егер фильм номинацияға ұсынылса, бұл Ватикан қолдау көрсеткен туындының «Оскарға» алғаш рет таласуы болмақ.

Алайда «Жасыл лава» Ватиканды жеке номинант ретінде таныстырмайды. Себебі қысқаметражды фильмдер санатында елдің ресми өтінімі немесе мемлекеттік органның мақұлдауы талап етілмейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz