Аляскада дрон допингке қарсы қан үлгісін жеткізу бойынша сынақтан сәтті өтті. Оны Халықаралық тестілеу агенттігі жүргізді. Бұған дейін 2022 жылы Қатар астанасыда тек 20 шақырымға ұшқан еді.
Ал бұл жолы арақашықтық 50 есе ұлғайтылды. Сынама діттеген жерге құрамы мен қасиеті бұзылмай жетті. Сынақтың басты мақсаты да осы еді. Аляскада күн райы құбылмалы, желі өте қатты, суық және таулы аймақтары көп. «Дрон осындай қатал табиғатта 1000 шақырымды бағындырса, бұл оны әлемнің кез келген нүктесінде қолдануға болатынын көрсетеді», - дейді мамандар. Қазір допинг-офицерлер спортшылардан қай жерде жүрсе талдау ала алады. Бірақ алыс аймақтардан қан үлгісін зертханаға жеткізу көп уақыт алып, кейбірі дер кезінде жетпей қалатын. Дрондар осы мәселені шешкелі отыр. Яғни ереже бұзып, айла жасайтын спортшылардың жолы кесіледі.
Тегтер #24KZ #Аляска #АҚШ #дрон #сынақ #допингке қарсы қан үлгісіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz