Ақ үй басшысы Дональд Трамп Еуроодақ тауарларына жоғары баж салығын енгізуі мүмкін екенін айтты. Бұған Канада мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестіктің күшеюі себеп.
Трамп Еуропамен сауданы тоқтатуы да ықтимал екенін ескертті. Бұл мәлімдеме Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің ұсынысынан кейін жасалды. Ол Канаданы Еуроодақтың алғашқы «қауымдастырылған мүшесі» етуді ұсынған. Тараптар технология, энергетика, қорғаныс және жасанды интеллект салаларында байланысты күшейтуді көздейді.
Тегтер #24KZ #АҚШ #Ақ үй #баж салығы #Еуроодақ #серіктестік #КанадаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz