RU
Толық нұсқаға өту

Трамп Канаданың Еуроодаққа мүше болуына қарсы

18.09.2026, 08:00 56

Канада Еуроодақ құрамына қосылуға ниетті.

Мұны Еуропа да қолдайды. Тек бұған АҚШ қарсы. Егер серіктестік расымен беки түссе, Трамп тұтас Еуропадан теріс айналатынын айтады. Қалай дегенмен, АҚШ пен Канада  арасында сан жылдық, терең ынтымақтастық бар.

Енді Канаданың бұл әрекеті алдағы батыл бастамаларға қалай әсер етеді?

Солтүстік Америкадағы көршілес екі мемлекет АҚШ пен Канада қатар жатқан, құдайы көрші. Ортада тау да, тас та жоқ. Саудасы қыз-қыз қайнаған, энергетикалық ресурстары аралас-құралас, тіпті қорғаныс саласы бойынша да серіктестер. Былтыр екі елдің тауар айналымы 800 миллиард долларға жуықтады. Ал өзге құрлықта жатқан еуропамен Канада арасындағы сауда бұл көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Бірақ өсім бар аздаған. Былтыр 150 миллиард долларға жетті. 2024 жылғы көрсеткіш 134,7 млрд АҚШ доллар еді. Канада экспортының 70 пайыздан астамын, яғни жылына 300 миллиард доллардан астам сомадағы тауарды АҚШ импорттап отыр. Былтырғы көрсеткіш 400 миллиард долларға жуықтады. Ал АҚШ Канадаға 333,6 млрд доллар көлемінде өнім экспорттады. Салыстырмалы түрде айтқанда, Еуроодақтың үлесі 8,7 пайыз ғана.    

                    ТАУАР АЙНАЛЫМЫ 2025 ЖЫЛ  

АҚШ - КАНАДА                                         ЕО - КАНАДА 

$715,5 млрд                                                     $150 млрд 

ИМПОРТ                                                 ЭКСПОРТ 

КАНАДА                ←     АҚШ  →         КАНАДА

381,9 млрд                                             $ 333,6 млрд

Канада мен Еуроодақ арасында 10 жыл бұрын жасасқан еркін сауда туралы ((CETA)) келісім бар. Бірақ бұған одаққа мүше 27 елдің 10-ы әлі келісім берген жоқ. Бұл  Канадаға қатысты көзқарас әрқилы екенін көрсетеді. Мысалға Италия, Франция сынды елдер Канаданың ауылшаруашылық өнімдерін сапасыз әрі арзанқол деп санайды. Осы орайда Канада премьер-министрі Марк Карни жаңа серіктестікке қадам баспас бұрын 10 жыл бұрынғы келісімді қайта қарауға шақырды. Ал Еуропалық комиссияның президенті тараптар біріккен жағдайда, саланың қай түріне болмасын жаңа мүмкіндіктерге жол ашылатынын айтады.

Урсула фон дер Ляйен, Еуропалық комиссияның президенті: 

-  Біз ортақ өркендеу мен экономикалық қауіпсіздік кеңістігін құру үшін CETA-дан болашақ альянсына көшеміз. Технологиялық альянс құрамыз. Қорғаныс-өнеркәсіптік базаларды біріктіреміз. Арктиканы ортақ жобаға айналдырамыз. Аса маңызды энергетикалық минералдар, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік саласында тың жобаларды жүзеге асырамыз. Басты мақсат Канадамен қарым-қатынасты жоғары деңгейге көтеру. Сондықтан Канадаға Еуропалық одақтың алғашқы "бірлескен мүшесі" болуға жол ашу бағытында бірге жұмыс істеуге бейіл екенімді жеткізгім келеді.

Урсула Фон дер Ляйен Еуропалық комиссияның төрағасы ретінде бастама көтеру құқығына ие. Алайда одақтың кеңеюіне қатысты ұсыныстарды Еуропалық парламент пен Еуропалық Кеңес те қолдауы керек. Нақтысы қазанда Монреальда өтетін Еуроодақ – Канада саммитінде белгілі болуы мүмкін. Ал жаңа серіктестікті басқалар тосырқап жүргенмен канадалықтардың өзедрі дән риза.. 

БЛИЦ: 

- Бізге демократиялық бағыттағы және құндылықтар мен мәдени дәстүрлеріміз ортақ серіктестермен ынтымақтастықты мейлінше арттыру керек деп ойлаймын.  Бізге Арктиканың егемендігі қажет. Осы тұста Еуропа бәлкім бізге көмектесе алатын шығар.

- Бұл жақсы қадам деп ойлаймын. Жалпы мен жаһандық байланыстарды қолдаймын. Американдықтарға деген көзқарасым да оң. Тек Трамптың саясатына қарсымын. Халықаралық саясаттан сенімді серіктес елдер неғұрлым көп болса, соғұрлым қауіпсіз әрі мол мүмкіндіктерге жол ашылады.

Канадада литий, никель және графит секілді аса маңызды минералдардың елеулі қоры бар. АҚШ-қа табиғи газ бен электр энергиясының басым бөлігін, сондай-ақ оның шикі мұнай импортының шамамен 60%-ын қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан Канада енді жаңа инвестицияларға, қайта өңдеу қуаттарын арттыруға және АҚШ-тан тыс сатып алушылар іздейді: Биыл көктемде Еуропалық инвестициялық банк пен Канада үкіметі аса маңызды минералдар бойынша бірқатар жобаны қаржыландыр жайттарын қарады. Бұл келісім әзірге қаржылық міндеттемелерді қамтымайды. Алайда болашақта тау-кен технологиялары, қайта өңдеу және батарея өндірісі салаларына басымдық берілуі мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz