Ливандағы балалар мектепке барып, білім алуы керек.
Бұлай деп Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді. Қазір қақтығыс салдарынан 100 мың оқушы мектепке бара алмай отыр. Елде 37 мектеп түгел қираған. Тағы 101 білім беру мекемесіне жөндеу қажет. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегіне сәйкес, қақтығыс кезінде мектеп жасындағы балалардың 20 пайызға жуығы үйлерін тастап, бас сауғалап кеткен. Айта кетейік, кейінгі үш күнде Израиль Ливанға 24 әуе соққысын жасады.
Тегтер #Ливан #бала #мектеп #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz