RU
Толық нұсқаға өту

Еуропада 3,1 млн тонна картоп шықпай қалды

18.09.2026, 11:00 44

Биыл Еуропада картоп аз жиналады.

Мұндай теріс болжамды британиялық "Энергетика және климат барлауы қызметі" сараптама орталығының зерттеу мәліметтеріне сілтеме жасап, "Файненшл Таймс" басылымы жариялады. Мамандардың есептеуінше, 3,1 миллион тонна картоп шықпай қалған. Бұдан келетін ақшалай шығын 620 миллион еуроға бағаланып отыр. Әсіресе бұл өнімді негізгі өндіруші 4 ел: Германия, Франция, Бельгия мен Нидерландта өнім жинау деңгейі былтырғы рекордты көрсеткіштен 28 пайызға төмендейді деген болжам бар. Дағдарысқа аптап пен құрғақшылық себеп.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz