RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Өзбекстан хуситтердің Меккеге жасаған шабуылын айыптады

18.09.2026, 10:22 44

Өзбекстан хуситтердің қасиетті Мекке қаласына ұшқышсыз ұшу аппаратымен жасаған соққысын қатаң айыптады, деп хабарлайды «24KZ» Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында Сауд Арабиясымен толық тілектес екенін мәлімдеді. Ведомство қасиетті орындарға, бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымға қауіп төндіретін кез келген әрекетке жол берілмейтінін жеткізді. 

Ташкент қақтығысушы тараптарды барынша ұстамды болуға, халықаралық құқық нормаларын қатаң сақтауға, мемлекеттердің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге шақырды.

«Біз шиеленісті азайтуға, қақтығыстың одан әрі өршуіне жол бермеуге және аймақтағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған барлық күш-жігерді қолдаймыз», – делінген ресми хабарламада.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz