RU
Толық нұсқаға өту

Швециядағы парламент сайлауында оппозиция жеңді

18.09.2026, 13:00 50

Швециядағы парламент сайлауында оппозициялық солшыл-центристік блок аз ғана басымдықпен жеңіске жетті.

Ол Риксдагтағы ((парламенттегі)) 349 орынның 176-сына ие болды. Ал биліктегі коалиция 173 орын алды. Сайлау нәтижесі жарияланғаннан кейін премьер-министр Ульф Кристерссон қызметінен кететінін бірден мәлімдеді. Оппозицияға Социал-демократиялық жұмысшы партиясының жетекшісі, экс-премьер Магдалена Андерссон жетекшілік етеді. Ол үкіметті 2021–22 жылдары басқарған болатын. Андерссон өзінің сайлауалды бағдарламасында экономиканы нығайтуға, жалпыға бірдей әл-ауқатты арттыруға, сонымен қатар ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көбірек басымдық берді. Дауыс беруге сайлаушылардың шамамен 80 пайызы қатысқан. Енді елде жаңа үкімет жасақталуы тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz