RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та Жасанды интеллект күштері құрылады

20.09.2026, 21:05 43

Бұл жөнінде президент Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. Вашингтон жасанды интеллект саласын шектеуді немесе оның даму қарқынын бәсеңдетуді қаламайтынын айтады.

Осыған дейін кей сарапшылар тиімді бақылау тетіктері жасалмайынша нейрожеліні енгізуді тоқтата тұруға шақырған еді. Алайда Ақ үй басшысы бұл ұсынысты қабылдаған жоқ. Керісінше жаңа құрылымды кім басқаратынын жариялауға ниетті. Тіпті, Трамп жасанды интеллект терминін «жоғары интеллект» немесе «экстремалды интеллект» деп өзгертуді ұсынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz