RU
Толық нұсқаға өту

Австралияда тұмау күрт өршіді

21.09.2026, 07:07 42

Кейінгі 2 аптада ел аумағында бірден 31 мыңнан астам адам ауру жұқтырған.

Жергілікті эпидемиологтардың айтуынша, негізі қыс айында өршитін тұмау тамыздың аяғы мен қыркүйекте ерте басталып кеткен. Бұл елде былтыр 500 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 1700-ден астам тұрғын көз жұмған. Дәрігерлер қазір тұмаудың "Super-K" ((Супер-К)) мутациясы таралып жатқанын айтады. Осыған байланысты бейтаныс вирусқа адамдардың иммундық жүйесі төтеп бере алмай жатыр. Бұдан бөлек халықтың арасында екпе алу деңгейі төмендеген. Биыл австралиялықтардың 30,2 пайызы ғана тұмауға қарсы вакцина салдырды. Билік бұл істі тездетуге шақырып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz