Йемен астанасы Санадағы ауруханаларға 22 тонна дәрі-дәрмек
пен медициналық құрал-жабдық жеткізілді. Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері қарулы қақтығыс күшейген сайын ауыр жарақат алған адамдарға көмек көрсету қиындағанын айтады. Ұйымның мобильді хирургиялық бригадасы Мариб провинциясында тамыз айынан бері жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 50-ден астам жедел жәрдем көлігі жұмылдырылған. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі бойынша, аймақта қақтығыс ушыққалы бері 28 адам қаза тауып, 82 адам ауыр жарақат алған.
Тегтер #Йемен #дәрі дәрмек #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz