АҚШ президенті Дональд Трамп жасанды интеллектіні дамыту мәселелерімен айналысатын арнайы құрылым – «жасанды интеллект күштері» құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа құрылымның жетекшісін жақын арада тағайындайтынын айтып, оны «ЖИ патшасы» деп атады.
АҚШ президенті бұл саладағы дамуды шектеуге ниеті жоқ екенін жеткізді. Ол жасанды интеллектінің ықтимал қауіптеріне байланысты технологияның дамуын уақытша тежеу туралы ұсыныстарды да қабылдамады.
Біз бұл қарқынды дамып келе жатқан, таңғажайып индустрияның өсуіне ешқандай кедергі келтірмейміз, – деп жазды Трамп.
Президент жаңа құрылымның жұмысы туралы әзірге толық мәлімет берген жоқ. Дегенмен АҚШ-тың жасанды интеллект саласында Қытайдан және әлемнің басқа елдерінен алда болуға ниетті екенін тағы да атап өтті.
Жасанды интеллект – интернет секілді келесі өнеркәсіптік революция. Алайда оның ықпалы әлдеқайда ауқымды болуы мүмкін. Бәлкім, ол ел экономикасының жалпы ішкі өнімінің 25 пайызына дейін үлес қосар. Біз Қытайдан және әлемнің қалған бөлігінен алдамыз және бұл көшбасшылықты сақтап қалуға ниеттімін, – деді АҚШ президенті.
Трамптың бұл мәлімдемесі жасанды интеллектінің қарқынды дамуына және технологияға мемлекеттік бақылаудың жеткіліксіздігіне қатысты алаңдаушылық көбейген тұста жасалды. АҚШ президенті мұндай қауіптер туралы пікірлерді «миф» деп атады.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Трамп #ЖИPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz