RU
Толық нұсқаға өту

Колумбияда орман өрті 200 гектар жерді жалмады

21.09.2026, 12:40 46

Колумбияда орман өрті 200 гектарға жуық аумақты күлге айналдырды.

Қызыл жалын танымал туристік Вилья-де-Лейва қаласына жақындап қалды. Қатты жел мен ыстық ауа райы өртті сөндіруді қиындатып отыр. Қазір өрттің 50 пайызы ғана оқшауланды. Оны сөндіруге 250-ден астам өрт сөндіруші, полиция қызметкері мен ерікті жұмылдырылды. Табиғи апат салдарынан билік от жағуға тыйым салды. Мамандар өрттің басқа аймақтарға таралу қауіпі жоғары екенін ескертеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz