АҚШ Мемлекеттік департаменті Таяу Шығыста жүрген барлық азаматтарын Ираннан тез арада кетуге шақырды.
Өйткені қауіпсіздікке қатысты қазіргі жағдай бұрынғыдан күрделене түспек. Тіпті шиеленіс аяқ астынан қатты ушығу қаупі бар. Аймақтағы әуе кеңістігі де жабылып, рейспен қатынауда қиындық туындауы мүмкін. Қазірдің өзінде АҚШ пен Иран бір-біріне қоқан-лоқы жасап, отқа май құйып жатыр. Ақ үй басшысы Дональд Трамп "егер Тегеран Вашингтонмен келісімге келмесе, ауыр экономикалық дағдарысқа тап болады" деп мәлімдеді. Бірақ ол Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Иран президенті Масуд Пезешкианмен жеке кездесемін деп отыр. Ислам Республикасы өз кезегінде Штаттардың кез келген шабуылына қарсы аяусыз соққы беретінін ескертті. Нақтырақ айтқанда, Парсы шығанағы аймағындағы американдық әскери базалар мен нысандар бірден нысанаға алынбақ.
Тегтер #АҚШ #Таяу Шығыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz