RU
Толық нұсқаға өту

Түркия Сауд Арабиясына қолдау көрсетеді

21.09.2026, 19:52 50

Түркия Сауд Арабиясына әскери қолдау көрсетуге дайын. Елдің сыртқы істер министрі Хакан Фидан жергілікті телеарнаға берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, хуситтердің Сауд Арабиясына жасаған соққылары елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігіне қауіп төндіріп тұр. Сол себепті ресми Анкара Саудияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне тікелей араласуға дайын екенін жеткізді. 

Хакан Фидан, Түркияның Сыртқы істер министрі:

- Сауд Арабиясының аумақтық тұтастығы мен егемендігіне өте ауыр шабуылдар жасалып жатқанын көріп отырмыз. Бірлескен қорғаныс келісімі аясында Мекке қорғаныс Одағы құрылды. Бұл құрылым қауіпсіздік, тұрақтылық пен әл-ауқатқа негізделген ортақ ұстанымды көздейді. 

Айта кетейік, өткен айда Сауд Арабиясы, Пәкістан мен Түркия үшжақты өзара қорғаныс ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін құжатқа қол қойды. Келісімнің негізгі қағидаты бойынша, үш мемлекеттің біріне жасалған қарулы шабуыл барлығына жасалған шабуыл ретінде қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда, хуситтердің Сауд Арабиясына жасаған соққылары жаңа келісімнің тәжірибе жүзіндегі маңызын күн тәртібіне шығарды. Дегенмен құжатта нақты әскери міндеттемелердің қандай тәртіппен іске асыратыны, қандай қолдау көрсетілетіні айтылмаған. Нақты іс-қимыл  тараптардың ортақ шешіміне байланысты болмақ.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz