RU
Толық нұсқаға өту

Иран Ормузда АҚШ дронын ұстап алды

21.09.2026, 23:14 160

Иран Ормуз бұғазының үстінде ұшып жүрген АҚШ барлау дронын қолға түсірді. Оны әуе шабуылына қарсы жаңа жүйенің көмегімен ұстаған. 

Бұл туралы Ислам төңкерісі сақшылар корпусы мәлімдеді. Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған құрылғы АҚШ қарулы күштерінің балансынан бірнеше жыл бұрын шығарылған. Алайда Вашингтон Иранмен қақтығыс ушығып, оқ-дәрі тапшылығы туындаған соң әскери дронды қайта пайдалана бастады. Штаттардың Орталық қолбасшылығы әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz