Пәкістан Ауғанстанның шығысындағы Кунар және Пактика провинцияларына әуеден соққы жасады. Салдарынан кемінде үш бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы төртеуі жараланды.
Ауған тарапы тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандар да зақымданғанын хабарлады. Кабул шабуылды айыптап, жауап қайтаруға дайын екенін мәлімдеді. Ал Исламабад соққылар содырлардың лагерьлеріне бағытталғанын айтады. Пәкістан тарапы үш нысана мен 28 содырдың жойылғанын мәлімдеді.
Тегтер #24KZ #Ауғанстан #Пәкістан #қақтығысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz