RU
Толық нұсқаға өту

Жапонияда тайфуннан төрт адам көз жұмды

22.09.2026, 20:01 45

Жапониядағы Дуцзюань" тайфунынан 4 адам ажал құшты. 

Тағы алтауы із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Эн-эйч-кей ((NHK)) ақпарат агенттігі хабарлады. Адамдардың қазасына толассыз жауын тудырған лай көшкіні мен су тасқыны себеп болған. Әсіресе Канагава мен Тиба префектуралары қатты зардап шекті. Кейбір аудандарда 2 күннің ішінде 410 миллиметр жауын-шашын түскен. Сонымен қатар 56 тұрғын үй қирады. Токио мен көршілес префектураларда пойыздар тоқтап қалған. 45 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. 2 миллион адамға қауіпсіз орынға дереу көшу туралы хабар берілген. Іздеу-құтқару операциясы жалғастып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz