Түркияда мектеп маңында оқ атылып, 11 оқушы жараланды.
Екеуінің жағдайы ауыр. Оқиға елдің батысындағы Маниса провинциясында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті лицейдің 15 жастағы оқушысы. Қазір жасөспірім тергеліп жатыр. Полиция баланың ата-анасын және қарудың иесі - атасын да ұстаған. Лицейдегі сабақтар уақытша тоқтатылды. Оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға психологтар көмек көрсетіп жатыр.
Тегтер #Түркия #оқушы #мектеп #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz