RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ арқылы жасалған

Қытайда жоғары білім алған тұрғындар саны 270 миллионға жетті

23.09.2026, 14:59 47

Қытайда жоғары білім алған тұрғындар саны 270 миллион адамға жетті. Бұл туралы 23 қыркүйекте Қытай Білім министрінің орынбасары Ван Гуанъянь баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ Синьхуаға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, елде білім берудің әртүрлі деңгейлерімен қамту көрсеткіші де өсіп келеді. Мектепке дейінгі біліммен қамтудың жалпы коэффициенті 92,9%-ға жеткен. Ал тоғыз жылдық міндетті білім беру жүйесінде оқушыларды сақтап қалу көрсеткіші 96,1% болды.

Жоғары сыныптарға өтетін оқушылардың үлесі 92%-ға жетті.

Сонымен қатар Қытай жетекші университеттерге студент қабылдау санын арттыруды жоспарлап отыр. «Қос бірінші класс» бастамасы аясында елдегі жоғары оқу орындары 2027-2030 жылдары студент қабылдауды 76 мың адамға көбейтеді. Бұл туралы Қытай Білім министрлігінің Даму жоспарлау департаментінің басшысы Го Пэн хабарлады.

«Қос бірінші класс» бастамасы іріктелген университеттер мен академиялық бағыттарға мемлекеттік қолдау көрсетіп, оларды әлемдік деңгейге шығаруды көздейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz