RU
Толық нұсқаға өту

Режеп Тайип Ердоған БҰҰ-ны реформалауға шақырды

23.09.2026, 17:30 52

Түркия Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесін реформалауды ұсынды. Режеп Тайип Ердоған бұл туралы Бас Ассамблеяда мәлімдеген.

Оның айтуынша, халықаралық қауымдастық әлемде бейбітшілікті сақтау бойынша өз міндеттерін толық орындай алмай отыр. Бұған вето құқығына ие 5 тұрақты мүшенің ғана болуы – басты себеп. Түрік басшысы Қауіпсіздік кеңесі Газа секторында мыңдаған бейбіт тұрғынның қақтығыс салдарынан жазықсыз қырылуын тоқтата алмай отыр деп айыптады. Ол Палестина мемлекетін мойындамаған елдерді осы ұстанымын қайта қарауға және қантөгісті тоқтату үшін Израильге қысым жасауға шақырған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz