Сеул мен осы шаһардың айналасында баспана биыл 6,4 пайызға қымбаттады.
Яғни айына 1 пайызға ұлғаяды. Пәтердің орташа құны 870 мың АҚШ долларына жетті. Бұл елдің басты қаласында беделді жұмыс орындары мен оқу орындарының шоғырлануына байланысты. Осы Оңтүстік Кореядағы тілшіміз Владислав Цойдың хабарлауынша, үкімет 230 мыңнан астам үй салуды жоспарлап отыр. Ал 2030 жылға қарай Сеул, Инчхон және Кёнги провинциясында 1 миллион 350 мың баспана тұрғызу көзделген. Билік тұрғын үй құрылысына берілетін қаржылық қолдауды 47 триллион 800 миллиард вонға дейін ұлғайтатынын мәлімдеді. Меншікті баспананың қолжетімсіздігінен жастар отбасын құруды және бала тууды кейінге қалдырып жатыр. Өйткені жастардың адал еңбекпен пәтерге ақша жинауы қиын.
Тегтер #корея #Сеул #пәтер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz