RU
Толық нұсқаға өту

Си Цзиньпин Вашингтонға барды

24.09.2026, 15:31 49

Қытай төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен АҚШ астанасына барды.

Дональд Трамп оны зайыбы Пэн Лиюаньмен бірге Вашингтон маңындағы Эндрюс әскери әуе базасында қарсы алды. Ұшақ алдында қызыл кілем төселіп, әскери оркестр ойнады. Бүгін Ақ үйде ресми қарсы алу рәсімі мен мемлекеттік кешкі ас өтеді. Ал жұма күні Ақ үйде кездесулер ұйымдастырылып, АҚШ Ұлттық мұрағатын аралайды. Салтанатты шаралармен қатар екі ел басшысы сауда, технология және Иранға қатысты мәселелерді талқылайды.

Марко Рубио, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:

- Қытай - әлемдегі екінші ірі экономика әрі әскери қуатын жылдам арттырып жатқан мемлекет. Сауда, жеткізу тізбектері мен маңызды минералдар жөнінде келіспеушіліктеріміз бар. Сондықтан президенттеріміздің кездесуі - жауапты дипломатияның бір бөлігі. Биыл біз Қытайға бардық, енді олардың бізге сапары сол кездегі уағдаластыққа сай өтіп жатыр. Қос саясаткер жыл соңына дейін АТЭС пен Үлкен жиырмалық саммиттерінде тағы жүздесуі мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz