Біріккен Араб Әмірліктері Ираннан келетін ұшақтарға әуе кеңістігін жапты. Бұл жөнінде елдің азаматтық авиация басқармасы хабарлады. Шешім халықаралық санкциялар негізінде қабылданған.
Соған сай аптасына үш мәрте ұшатын Тегеран-Дубай рейсі тоқтады. Дерекке қарағанда әмірлікке тиесілі ұшақтар да бұдан былай парсы мемлекетінің аспан кеңістігін пайдалана алмайды. Жалпы өңірлік қақтығыс басталғалы екі ел арасында қатынас әрқилы. Кеше ғана келіссөз алаңында кездесіп, Ормузға қатысты ортақ мәміле жасауға бекінген ресми Абу Даби мен Тегеран арасы қайта алшақтап барады. Тараптар бір-біріне қарама-қайшы қадамдарға барып жатыр. Тақауда ғана әмірліктің банк секторында Иранға қатысты қаржылық операцияларды жүргізуге толықтай тыйым салынды.
Тегтер #24KZ #әуе рейстері #БАӘ #Иран #ТегеранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz