«Иран АҚШ-пен соғысуды емес, келісуді көздейді». Иран президенті Масуд Пезешкиан Fox News телеарнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.
Сондай-ақ Тегеран Вашингтонмен үзілген келіссөздерді жалғастыруға бейіл екенін жеткізді. Осыған дейін тараптар 60 күндік оқ атпау туралы ортақ мәмілеге келген еді. Алайда оның арты Ормуз бұғазына қатысты дауға ұласып, жағдай шиелінісіп кетті. Иран президенті: «Ұзаққа созылған қақтығысты Америка тоқтатуы тиіс», - дейді. Уран байыту бойынша Иран өз ұстанымын өзгертпейді деп отыр.
Тегтер #24KZ #Иран #АҚШ Иран #келісім #Масуд ПезешкианPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz