Колумбия Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасты доғарды. Бұл туралы Латынамерикалық Республиканың Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Мекеме Тегеранды халықаралық террористік ұйымдармен және мемлекетке қауіп төндіретін есірткі тасымалдаушы топтармен байланысы бар деп айыптады. Сондай-ақ Ислам Республикасының Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысы жоқ елдерге жасаған шабуылдарын, Ормуз бұғазын жапқанын және МАГАТЭ-ге ядролық бағдарламасын тексеруге кедергі келтіріп отырғанын сынға алды. Айта кету керек, екі ел арасында дипломатиялық байланыс үзілгенімен, консулдық қатынас жалғасады.
Тегтер #24KZ #Колумбия #Иран #дипломатия #қарым қатынас #ТегеранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz