RU
Толық нұсқаға өту

Сауд Арабиясы мұнай экспорттауға Ормуздан өзге жолды қарастырды

25.09.2026, 21:41 50

Сауд Арабиясы мұнай экспорттауға жаңа бағыттар қарастырып жатыр.

Хуситтердің шабуылы осыған мәжбүрлеп отыр. "Сауди АрамкО" ((Saudi Aramco)) ірі мұнай компаниясының бас директоры Амин Нассер "НиккЭй" басылымына берген сұхбатында Мысырдағы жалпы ұзындығы 320 шақырымға жететін "Сумед" мұнай құбырын пайдалануымыз мүмкін деп мәлімдеді. Бұл нысан Қызыл теңізді Жерортамен жалғайды және шикізатты Ормуз бұғазына кірмей, Еуропаға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, тағы 2 бағыт ұсынылған. Саудиялық компания шетелдегі мұнай қоймаларын кеңейтуді де жоспарлап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz