Йеменде балалар арасында аштық күшейді. ЮНИСЕФ мәліметі бойынша, өткен аптада арнаулы дәрігерлік тексерістен өткен 2 мың 900 жеткіншектің 25 пайыздан астамы ашқұрсақ жүргендіктен ауруға шалдыққан.
Елдегі азаматтық соғыстың кесірінен медициналық мекемелер мен ауруханалар қажетті деңгейде қызмет көрсете алмай отыр. Сауд Арабия қолдайтын үкімет әскері мен хуситтік күштер арасында кескілескен ұрыс жүріп жатыр. Кейінгі үш аптаның ішінде 71 мың бала үйінен безіп кеткен.
Тегтер #Йемен #балалар #аштық #ЮНИСЕФPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz