Еуропалық Одақ 2034-ші жылға қарай жерсерігін ұшыру санын алты есеге арттыруды жоспарлап отыр.
Бұл туралы ұйымның Қорғаныс және ғарыш мәселелері жөніндегі комиссары Андриус Кубилюс мәлімдеді. Айтуынша, қазіргі ұшыру қуаты қажеттілікті толық өтей алмай отыр. Copernicus бақылау бағдарламасы және қорғалған байланыс жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету үшін жыл сайын ғарышқа кемінде 62 аппарат ұшыру қажет. Осыған байланысты Еуроодақ Норвегия, Канада және Ұлыбританиядан жаңа ұшыру алаңдарын қарастырып жатыр.
Тегтер #Еуропалық Одақ #жерсерік #ғарышPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz