Италияның Сицилия аралында Этна жанартауының атқылауына байланысты әуе рейстері тоқтатылды.
Катания халықаралық әуежайы ұшақтарды қабылдау мен жөнелтуді уақытша доғарды. Бұған жанартау күлінің шамамен төрт шақырым биіктікке көтерілуі себеп. Тоқтатылған рейстердің бір бөлігі Комизо, Палермо және Трапани әуежайларына бағытталды. Әуе компаниялары жолаушыларға ұшар алдында рейстерді тексеруге кеңес берді.
Тегтер #Италия #әуе рейсі #жолаушыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz