RU
Толық нұсқаға өту

Непалда тағы тасқын жүрді

28.09.2026, 07:05 44

Непалда тағы да тасқын жүріп, 14 адам опат болды. Бұдан бөлек, 11 жан ұшты-күйлі жоқ, табылмай жатыр. Бұл елде бір ай бұрын алапат тасқын жүріп, 1385 адам көз жұмып, 5130 адам жоғалып кеткен еді.

Қазір де толассыз жауыннан өзендер тасып жатыр. Біраз үйге су кірген. 77 ауданның 49-ында тасқын қаупі туралы ескерту жарияланды. Біраз аумақта жарық жоқ. Ел-жұрт таңды үреймен аттырады. Күндіз де қауіп сейілмейді. Көрші Үндістанда да ақжауын төпеп тұр. Су тасып, лай көшкіні жүрген. Мұнда 56 опат болып, 46 тұрғын жарақат алды. Мыңнан астам үй зақымданды. Апат аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Билік екі елде де тағы жауын жауып, тасқын жүруі мүмкін екенін ескертеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz