RU
Толық нұсқаға өту

Сауд Арабиясы Йеменге соққы жасады

28.09.2026, 07:40 54

Сауд Арабиясының әуе күштері Йеменнің Таиз қаласына соққы жасады. Жеті адам қаза тауып, тағы қырық тұрғын жараланған. Олардың арасында балалар бар. Бұл туралы хуситтер мәлімдеді.

Олардың айтуынша, Сауд Арабиясы қолдайтын күштер әл-Мавия ауданындағы базар мен радиостанция маңына әуеден шабуыл жасаған. Ал шабуылдаушылар: «Басты нысана – хуситтердің қоймалары мен әскери нысандары», - дейді. Қазір аймақта атыс көбейіп барады. Бірер күн бұрын Йемен билігі хуситтермен қақтығыстың күшеюіне байланысты елді үкімет күштерінің қатарына қосылуға шақырған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz