Ауғанстанға Пәкістаннан келген 28 содыр көз жұмды. Қаза тапқандардың басым бөлігі Ауғанстанның бұрынғы үкіметі тұсында күштік құрылымдарда қызмет еткен.
Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Қарулы топ Нуристан провинциясына бетке алған. Енді ресми Кабул оларды Пәкістан арнайы қызметтері жалдаған деп айыптап отыр. Бірақ Исламабад бұл айыптауларды теріске шығарды. Бұған дейін Пәкістанның Дера-Исмаил-Хан қаласында жанкешті полиция бекетіне шабуыл жасап, салдарынан 11 адам қаза тапқан еді. Ол кезде жауапкершілікті «Техрик-е-Талибан Пәкістан» ұйымы өз мойнына алған.
Тегтер #24KZ #Ауғанстан #Пәкістан #көз жұмды #содырPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz